Балалар

Дебат турнирі

 

 
Туған топырақтан нәр алып, ел игілігіне жарар азамат қандай болу керек. Бүгінде елжандылық қасиет санасына кіріп те шықпайтындар да жоқ емес. Отанын сүйетін жалындаған білімді де жігерлі болашақ тәрбиелеу төңірегінде белсенді жастар пікір таласқа түсті. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. “Номад” дебатшылар құрамасының бірінші спикері Динара Мақсұтова осы қағиданы ұстанады. Ол сәбиді бесік жасынан отансүйгіштікке баулу тиімді болатынын алға тартады.

 Динара Мақсұтова, “Номад” құрамасының бірінші спикері:
– Әр бала ата-анасына еліктейді, егер әр ата-ана
отаныңды құрметте деп жастардың бойына патриоттық сезімді ұялататын болса, мәселені шеше алады.  

Жақтаушы топтың бұл пікірін “ПД-9” құрамасы мәселені шешуге тым аздық ететінін атап өтті. Қарсыластары болса бұнымен тоқталмай жобаларын оқу мекемелерінде жалғауға ниетті екендіктерін жеткізді.

 Динара Мақсұтова, “Номад” құрамасының бірінші спикері:
– Балабақшада кейін мектептегі өзін-өзі тану, Қазақстан тарихы, университеттегі саясаттану, әлеуметтану пәндерінде арнайы курстар жүргізетін болсақ, жастардың бойында патриоттық сезімді жоғарылатамыз деп ойлаймын.

Бүгінгі ойынның оппозициясы білім ошақтарымен шектелу ауқымды қоғамдық мәселені түбегейлі шешіп бере алмайтындығын дәлелдеуге тырысты.

Павел Сарпов, “ПД-09” құрамасының бірінші спикері:
– Өте күрделі мәселені сіздер тек білім арқылы ғана шешуді ұсынып отырсыздар.
Сатылап жоғарылап біртіндеп шешеміз деп жағдай ушығып кетуі мүмкін. Бүгіннен белсенділік танытып ел деңгейіндегі кешенді шараларға кірісу керек.  

СҚМУ-дің екі студенті патриоттық сезімді қарапайым дүниелер арқылы ұялатуға болатынын айтып, ұсынысты жоққа шығаруға тырысты.

 Динара Мақсұтова, “Номад” құрамасының бірінші спикері:
– Отан деп құр айғайлап, саяси қозғалысқа шығу емес. Қаланы таза ұстау, ағаш отырғызу сынды шараларға қатысудың өзі патриоттыққа жатады.  

Екі жақтың ойы елдің жарқын болашағын құра алатын ұрпақ тәрбиелеуде бос сөзден нақты іске көшу керек деген пікірде тоғысты.

Жеңіс  Ермұқанов