Балалар

Жасотандықтар съезге дайындалуда

 



Жастарды алаңдататын мәселе шаш етектен. Баспана, тұрақты жұмысқа тұру, жоғары білімнің қолжетімдігі – тізіп айта берсе жетерлік. «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезі қарсаңында осы ұйым құрамындағы солтүстікқазақстандық жастар да өзекті мәселелерді қызу талқылауда. Жиынға 9 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. Әрқайсысы өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізуге тырыспақ.

Данияр Әбутәліпов, “Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалы төрағасының орынбасары:
– Жастардың белсенділігін арттыру мәселесін қарастырамыз. Тұрғын үй, білім, жалпы жастарды алаңдатып отырған жайттарды көтеретін боламыз.

Сапалы білім, жастардың мәдени дамуы және ынтымағы, ғылым мен ақпараттық технологияларға бет бұру. «Жас Отан» ЖҚ 2020 жылға дейін жоспарланған стратегиясы негізінен осы бағыттарды қамтымақ. Стратегия бір ғана жастар ұйымының емес, барша ел жастарының мүддесі айқындалған құжат болады дейді жасотандықтар. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Айзада Рахметова осындай маңызды құжаттың қабылдану рәсіміне қатысатынына қуанышты.

Айзада Рахметова, «Жас Отан» ЖҚ мүшесі:
– Мен осындай алқалы жиынға қатысатыныма қуаныштымын. Ерекше сезімде барамыз. Өйткені жастар саясатын жүргізуде біздің де ойларымыз ескерілмек.

Сондай-ақ съезде «Жас Отан» ЖҚ Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Бір сөзбен, жастар саясатындағы ең маңызды мәселелер көтерілетін болады.

 

Инеш Шоқақова