Қылмыс

Қарызын қайтармағаны үшін қаза тапты

 

 

Қылмыс жасалғаннан кейін бір сағат уақыт өткен соң қалалық Ішкі істер басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны келіп, осы қылмысқа тікелей қатыстығын айтқан. Ол тәртіп сақшыларына манағы кісіні атқан 16-шы калибрлі ИЖ-58 аңшы мылтығынан жасалған шолақ қаруды өз еркімен тапсырыпты. Негізгі себеп – қарыз. Яғни, әлгі марқұм қылмыскерге ақша берешек болған. Алайда, борышын қайтаруға асықпаған кәсіпкер ақыр соңында төлеуден мүлдем бас тартыпты. Қылмыс жасалар күні олар «Океан» сауда үйінің маңында машина ішінде кездескен екен. Әңгіме соныңда келіспей қалып, күдікті шолақ мылтығын алып шығып борышкердің басынан атып жіберген.

Николай Попов, СҚО ІІД тергеу басқармасының аға тергеушісі:
– Бұл факті бойынша ҚР ҚК 96-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама жұмыстары жүргізілуде. Күдікті ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабына сәйкес Петропавл қалалық Ішкі Істер басқармасының уақытша қамау абақтысына жабылды.

Данаш Хамзина