Қоғам

“Нұр Отанда ” есеп беру-сайлау науқаны басталды

 

 

Еліміз бойынша “Нұр Отан” ХДП 6 мыңнан артық бастауыш ұйымы тіркеліпті. Бұл қоғамдық бірлестіктердің республика азаматтары мен аталмыш саяси ұйымды тығыз қарым-қатынаста байланыстыруда мәні аса зор. СҚО-да бұндай 36 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды. Оның ең ірісі “Білім” атауына ие. Шәрбән Таймуллина бастаған бірлестікте Петропавл қаласының 1188 мың ұлағатты ұстазы мүшелік етеді.

Шәрбан Таймуллина, Петропавл қаласы мұғалімдерінің “Білім” баустауыш ұйымының төрайымы:
– Қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз. Қарттар үйін жиі қонақтауға тырысамыз. Балалардың құқығын қорғау күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдық. Конституция күніне орай қалалықтарға концерттік бағдарлама ұсындық.  

Партиялық ұйымда саяси кеңес бюросы да жұмыс істейді. Онда педагогтар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап іздеп, мәселелерін бірлесіп шешуге ақыл-кеңес алады.

Жанна Чукуева, Петропавл қаласы мұғалімдерінің “Білім” бастауыш ұйымы саяси кеңес бюросының мүшесі:
-ҰБТ сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстар жасаймыз. Әрімтестеріміздің тұрмыстық мәселелерін шешуде қол ұшын беруге тырысамыз. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру шараларын жүргіземіз.  

Жиында ұйымның төрайымы сайланды. Бірлестік мүшелері бірауыздан биыл да Шәрбан Таймуллинаның жетекшілігімен жұмыс жасауды қалайтындарын танытты. Сондай-ақ қатарға білім саласының тағы 12 өкілі жаңадан қабылданды.

Жеңіс Ермұқанов