ТКШ

Қарашаның 14-де судың жаңа бағасы бекітіледі

 

 

Тарифті көтеруге мәжбүр болғандарын сушылар ысыраппен байланыстырып отыр. Мәселен, өткен жылдың өзінде 141 млн теңге шығынға батыпты. Әрі жұмысшылардың жалақысы да не бары  34 мың теңге. Кәсіпорын басшылығы еңбекақыны 60 мыңға дейін өсіруді жоспарлап отыр. Оған қоса  тұтынатын жарықтың құны да барлық шығынның 25 пайызынан асады екен. Сондай-ақ, “Қызылжар су” серіктестігі өз қаржысына биыл біраз жөндеу жұмыстарын жүргізіпті.

Сергей Визеров, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

-Су және кәріздік желілердің 12 шақырымын жөндедік, насос станциясын қалпына келтірдік. Су тазалау құрылымы жартылай жаңартылды. Барлығы 2 18 млн теңгенің жұмысы атқарылды.

Ауқымды қалыпқа келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. “Южный” коллекторын салуға 2,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл – республикалық бюджеттің қаржысы. Дәл осы жер мен қала шетіндегі кәріздік тазалау құрылымдарын жалғайтын 6 шақырым құбыр тартылуы қажет екен. Соның 3 шақырымына жуығы салынған. Ал, кәріздік тазалау құрылымын жөндеуге 860 млн теңге  жұмсалса, келесі жылы 3,5 млрд теңге қажет дейді мамандар.

Александр Баранов, “Қызылжар су” ЖШС су бұрғышының бастығы:

-Бүгінде 2-ші және 3-ші кезеңдерге бөлінген ақшаға қажет құрылғылардың барлығы сатып алынды. Қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Тор тұрған ғимараттар жинақталып, құм ұстайтын жерлерге құрылғылар орнатылды. Тағы да жоспарланған бірталай істі тындырдық. Сонымен қатар, жаңа цех салынады. Онда қалдықтар құрғатылып, залалсыздандырылады.

Сөйтіп, “Қызылжар су” ЖШС су құнын көтермекші. Тариф дифференциалды түрде төленетін болады.  Жаңа тарифті эксперттік комиссия қарашаның 14-нде бекітсе, осы айдың отызынан бастап нақты күшіне енеді.

Данаш Хамзина