Құқық қорғау органдары

Жалған нөмір таққан таксист


 

Құрықталған азамат қалада такси қызметімен айналысады екен. Өз көлігінің нөмірін ол осыдан бірнеше ай бұрын жоғалтып алған көрінеді. Сөйтіп, бұған дейін тасымалдаған жолаушыларынан ақша орнына кепілдік ретінде алып қалған осы нөмірді таққан.

 Күдікті:

– Машинамның нөмірін жоғалтып алдым, ал маған қарыздарымды қайтару керек. Сосын осы нөмірді уақытша пайдалана тұруды ұйғардым. Берешектерімді таратып болған соң нөмірімді қайта қалыпқа келтірермін деп ойлағанмын.

Енді, қазір жол полицейлері нөмірдің нақты иесін анықтауда. Ал, айыптының көлігі, әзірге, айып тұрағына қойылды.

Юрий Никонов, СҚО ІІД ЖПБ іздеу бөлімінің аға инспекторы:

-Бұл заңбұзушылық үшін заңмен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бір жылға дейін жүргізу құқығынан айыру қарастырылады.

Жалпы, жыл басынан бері жол полицейлері осындай 5 фактіні тіркеген.

Данаш Хамзина