Мәдениет

“Дуслық” қоғамында қарттарға құрмет көрсетілді

 

 

 

Өңірдегі татар-башқұрттардың “Дуслык” орталығы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде бұл мәдени бірлестікке тұрақты түрде жүзден аса адам келіп тұрады. Солардың арасында ең жиі келетіні – аға толқын өкілдері екен.

Наиль Салимов, “Дуслык” татар-башқұрт орталығының басқарма төрағасы:

Ардагерлер – біздің ең құрметті қонақтарымыз. Бүгін үш бірдей мерейтой иелерін құттықтағалы отырмыз. Олар жастарының егделігіне қарамастан орталыққа жиі келіп, жастарды тәрбиелеуге жалықпайды.

Талига Идрисова – бірлестік жұмысының басы-қасында жүретін адам. Орталықта 86 жастағы ақ жаулықты ана жастарға ұлттық тағамдар мен әдет-ғұрыпты үйретеді екен.

Талига Идрисова:

Сабантойларға барамыз, ән тыңдап, би билейміз. Әйтеуір, уақытымызды тамаша өткіземіз. Өзім Петропавл қаласында туып-өстім. Немерелерімді татар халқының салт-дәстүрімен өсірдім.

Ардагерлер құрметіне татар-башқұрт орталығының мүшелері мерекелік концерт әзірлепті. Бұдан кейін ардагерлер тәтті-дәмдіге толы дастарханға шақырылды.

Данаш Хамзина