Спорт

Каратэден қала біріншілігі

 
Мейбукан Го – Дзю – Рю каратэ – додан өткізіліп отырған жарыс ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған. Ашық біріншілікке қатысуға 6 команда ниет білдірген.

Нұрлан Керімбаев, жарыстың бас төрешісі:

 

-Бұған СҚО облысының 5-6 ауданынан және Алматы қаласынан  спортшылар келіп отыр. Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде.

Додаға  Тимирязев, Есіл, Қызылжар аудандарының, сондай – ақ Алматы қаласының споршылары, жергілікті «Буси до» және «Кунфу» құрамалары  – жалпы  саны жүзге тарта адам жиылған. . Олар 27 келі салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтауда.
Облысымызда тұңғыш рет өткізіліп отырған ашық біріншілікте алматылықтар қарсыластарына дес бермеді. Мықты деген спортшылардың бірі – Ерболат Шәймерден. Ол спорттың бұл түрімен 8 жыл қатарынан шұғылданып келеді.

Ерболат Шәймерден, жарысқа қатысушы, Алматы қаласы:

-Өзіміздің тәжірибемізбен алмасуға, үйретуге Петропавлға келдік.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан  көрінген спортшыларға дипломдар мен медальдар табыс етіледі. Ал, жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орын алған құрамалар аталмыш біріншіліктің кубогын иеленбек.

Жандос Наурызбаев