Қылмыс

Қырағы көрші


 

 Аққайың ауданының Ивановка ауылының тұрғыны көршісінің жайылымда жүрген атын бейтаныс адамның құрықтап жатқанын байқаған. Куәгер бірден учаскелік инспекторға хабарлап, көргенін жылқының иесіне жеткізген. Күдік бекер болмай шықты. Бейтаныс адам бөтеннің малына жүген салып жатқанында ұсталды.

Олег Калимбет, Аққайың ауданының Ивановка ауылының тұрғыны:
– Көлігіме мініп бірден көршімнің үйіне жеттім. Екеуіміз
жылқы жүрген жерге келдік. Не істеп жүргенін сұрап едік адасып қалғанын айтты. Қолында арқан мен екі жүгені бар.  

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, сезікті аудандық ІІБ жеткізілді. Кейін анықталғандай, баукеспе М. Жұмабаев ауданының Екатериновка елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында ұсталған кінәсін толықтай мойнына алды. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Жеңіс Ермұқанов