Әр түрлі

“Бірге қаламызды көгалдандырайық!”



 

Мемлекеттік қызметкерлер сенбі күні көшені көріктендіруге жиналды. Бұл күні ауа райы салқын әрі аса ылғалды болса да, жұмысқа қызу кірісуге қамданып келген азаматтарға ешбір кедергі келтіре алмады. Қала әкімі Болат Жұмабеков бастаған бөлім басшылары мен мамандар күрекпен қаруланып, жаңа №3 емхананың қарсысындағы көше бойын бірден бөліп алып, ағаш көшеттерін отрғызып тастады.
Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 500-ден аса көшет егіліпті. Бүгін тағы да 150-і отырғызылады.

Мұрат Қалиев, “Коммунхоз” МКК директорының міндетін атқарушы:

-Мұндағы жер қыртысы негізінен балшықты, сол себепті ағаштар отырғызылатын ұяшықтарға қара топырақ араластырылуда. Тек алма ағашы егілуде. Ал бұған дейін Жамбыл көшесіне үйеңкі ектік, ал Чайковский мен Мира көшелерінде қайың өседі.

Нұрбек Баекиннің ішкі саясат бөлімінде “Жастар тәжірибесі” бойынша уақытша еңбектеніп жатқанына 1 апта болыпты. Осы уақыт аралығында ол өзін іске жауапты әрі тиянақтылығымен танытқан. Жұмыс басында да пысық жігіт әріпетестеріне көмектесіп жүр. Қызметкерлер алдағы уақытта әлі 1 000 түп көшет отырғызамыз дейді. Жас алма ағаштары, енді, көктемде ақ гүлдерімен Юбилейная көшесіне ерекше көрік береді.

Данаш Хамзина