Мәдениет

Петропавлда халықаралық КВН фестивалі өтті

 

 

 

Облыс әкімінің кубогы үшін 9 команда бәсекеге түсті. Оның екеуі ғана өңіріміздің намысын қорғады. Қалған жетеуі Көкшетау, Қостанай және Ресейдің Омбы, Қорған, Челябі қалаларынан келген тапқырлар.Көңілділер көрермендерді 2 сағат бойы күлкіге қарық қылды.

Евгений Пеньков, «Поиск молодых и здоровых» қоғамдық жастар ұйымының төрағасы:
-Халықаралық КВН ойындарында өнер көрсететін құрамалардың келгені қуантып отыр. Бұл сын шығармашылық таланты бар жастарды аша түседі.

Ақмола облысының құрамасы фестивальға жыл сайын қатысады. Ойынға жақсы дайындалған жастар жүлдеден дәмелі екендерін жасырмады. Ал Челябі қаласынан «Нормальная Я» нәзік жандар командасы Петропавлға алғаш рет келіп отыр. Қыздардың бұл саладағы тәжірибесі аз. Бірақ олар қарсылас құрамаларға жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз дейді.  Алғаш болып сахнаға петропавлдық «ФИТ FM» құрамасы шықты. Көрермендерге сан алуан тақырыптағы әзілдерін ұсынды. Тартысты сында бірінші орын Челябі қаласының «Нормальная Я» нәзік жандар құрамасына бұйырды. Екінші орынды «Ақмола облысының ересектер құрамасы» еншіледі. Ал үздік үштікті петропавлдық «ФИТ FM» командасы тұйықтады. Омбы қаласының «Молодежная сборная» құрамасы бас жүлде – СҚО әкімінің кубогына ие болды. Өзге көңілділер мен тапқырлар да назарсыз қалмады. Олар дипломдармен және шағын сыйлықтармен марапатталды. Ал көрермендер болса бұл кештен жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Айдана Демесінова