Спорт

Бірінші лига ойындары аяқталды

 

 

Осы маусымдағы ең мықты командамен өткен ойында солтүстікқазақстандықтар аянып қалмады. Екінші таймның 57-минутында допты қарсыластар қақпасына Тимур Мульдинов соқты. Жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Алайда ойын соңында астаналықтар есепті теңестірді. Бұл ойыннан соң «Қызылжар» ФК 16 команда арасында турнир кестесінің 11-ші орнына тұрақтады. ҚР Бірінші Лигасының маусымы осымен аяқталды. Келесі кездесулер 2013 жылы өткізілмек.

Инеш Шоқақова