Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысында діни ахуал тұрақты

 

 

 

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері бір аптаның ішінде ауқымды іс тындырды. Олар облыс орталығында және елді мекендерде халықпен кездесті. Мақсат – халықты Ислам дінінің шынайы болмысымен таныстырып, ол туралы дұрыс көзқарастың қалыптасуына ықпалдасу.

Батырбек Убаев, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, Павлодар облысы:
Біз жұмысымызды Уәлиханов, Ақжар, Тайынша аудандарында жалғастырдық. Жамағаттармен кездесіп, оларды бүгінгі күнгі діни ахуалмен таныстырып,  қандай ағымдардың  қандай әрекеттерге барғанын халыққа таныстырдық. Халқымыздағы діни тұрақтылықтың, рухани тұрақтылықтың ұзақ болуы үшін және де теріс әрекеттердің, теріс нәтижелердің алдын алу шараларын жүргізіп отырмыз.

ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы Балтабай Мекежанов Батыс Қазақстан облысымен салыстырғанда, біздің өңірімізде діни ахуал тұрақты екенін атап өтті. Ақпараттық-насихат тобы Батыс Қазақстан өңіріне де барған екен. Мейманның айтуынша, онда өзге діни ағымды жақтаушылардың қарасы қалың көрінеді.

Балтабай Мекежанов, ҚР Дін істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы:
-1 жұма ақпараттық-насихат жұмысының нәтижесінде байқағанымыз – сіздің облыста діни ахуал бірқалыпты дамуда. Соншалықты көзге көрінерлік жағдайлар байқалмайды. Бұл жергілікті облыс басшылығы мен басқа
да құзырлы мекемелердің жұмысының нәтижесі деп білемін. Енді осы бағытта жұмысты жалғастыра білу керек. Нәтижесі көзге көрініп тұр. Өйткені халық та бірқалыпты діннен сауаты ашылып, көп нәрсені біліп қалған.

Республикалық ақпараттық-насихат тобы 2 жыл қатарынан осындай жұмыс атқарып келеді.

Айдана Демесінова