Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау министрінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

 

 

Мемлекет ұлттың саулығын алдыңғы орынға қояды. Биыл ғана өңіріміздің денсаулық сақтау саласына ел қазынасынан 1,6 млрд теңге бөлініпті.Елімізде 3 жылдан бері бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Санитарлық авиация қызметі де бар. Әуе көлік нысандарының арқасында 682 мәрте жедел мидициналық көмек көрсетілген. Жылжымалы теміржол пункттері арқылы 141 станцияның тұрғындары сапалы тексерістен өткен. «Саламатты Қазақстан» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асуда. Мақсат  – ауырып ем іздегеннен гөрі сырқаттанбаудың жолын табу. Нәтиже де жоқ емес. Бұл бастамалардың нәтижелеріне өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Д

 

енсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жіті тоқталды.

Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 6 млн астам қазақстандық медициналық тексерістен өтті.
1 млн-н астамынан түрлі ауру белгілері анықталды. 60 мың адам тек жаңадан ашылған медициналық көлік қызметінің көмегімен қаралды. Осының нәтижесінде ана өлімі 19,7 % сәбилердікі 8 % төмендеді. Бала туу көрсеткішінің артқаны байқалып отыр. Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 69 жасқа дейін жетті. Биылдың өзінде ғана кардиологиялық орталықтарда 24 мыңға тарта ота жасалыпты.

Денсаулық сақтау министрін мемлекеттік бағдарламаларды  облысымызда жүзеге асыру барысы қызықтырды. Жоба іске қосылғалы 100 мыңнан артық солтүстікқазақстандық скринингтік тексерістен өтіпті. Дәрігерлердің қарауына жүгінгендердің 20% денсаулықтары сыр бергені анықталған. Жүрек-қан айналымының бұзылуынан туындайтын аурулар қашан да бірінші орында. Ондай науқастардың үлесі 6% құрайды. 200-ден артық тексерілушіден қатерлі ісік белгілері табылыпты. Қатерлі онкологиялық кеселдің салдарынан өлім-жітім біршама төмендеген. Өкпе ауруына шалдығу 18,8 пайызға азайған. Бұл – өңір дәрігерлерінің дертті ерте анықтауға ден қоюының нәтижесі.

Павел Соболевский, СҚО туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері:
– Бүгінде бір мезеетте 500-ге тарта науқасты қамти аламыз.
Өткен жылмен салыстырғанда облыстық диспансердегі орындар 120-ға қысқартылды. Негізінен өкпе ауруын алдын ала анықтауға тырысамыз. Сондықтан адамдар тез сауығып шығады.

Өңір дәрігерлері Денсаулық сақтау  министріне   сұрақтарын қойды. Көбін халқы аз шоғырланған елді мекендердегі амбулаториялық пункттердің ертеңі алаңдатады екен. Заң бойынша бұндай медициналық мекемелер кемінде 2 мың тұрғыны бар ауылдарға қызмет етуге арналған.

Анатолий Ко, СҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
-Облысымызда халқы екі мыңға жетпейтін 72 елді мекен бар. Министр ондағы амбулаториялық пункттер жұмысын жалғастырады деп бізді қуантып тастады.  

Салидат Қайырбекова қатерлі кеселге шалдыққандардың 3/2 өздерінің дерті жайлы біле бермейді дейді. Асқынып кетсе сырқаттанушынушыға ем қондыру кеш болып қалуы мүмкін. Бүгінде созылмалы ауруға шалдыққандрдың 90 пайызы хирургтың пышағына түседі. Сондықтан уақыт тауып, дәрігердің кеңесін алып отырған жөн дейді мамандар.

Жеңіс Ермұқанов