Қоғам

Қазанның 18-і қазақстандықтар рухани келісім күнін атап өтті

 

Бұл күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада тақырыптық  кеш пен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Жиынға аға буын өкілдерімен бірге өскелең ұрпақ та келді. Олардың барлығы Рухани бірлік ұлттар арасындағы достықты нығайтатындығын айтты. Елімізде діннің дамуына барлық жағдай жасалған. Оны адамдар дұрыс түсіне білуі керек дейді дін өкілдері.

 Қадірбек Шәріпов, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:
-Қай дін болмасын татулыққа, ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырады.
Ал ислам діні, Құрандай айтады Алла тағала: «Дінде зорлық жоқ» әркім дінге өз еркімен келуі керек. Біздің еліміз тыныштықта, ауызбіршілікте өмір сүруі үшін ең басты адамдар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста, бір-бірін сыйлауы, түсінушілікпен қарауға тырысу керек.  

Айдана Демесінова