Әр түрлі

“Үкі” және “Барыс” монеталары шықты

Ұлттық банк филиалына қазанның 15-і  түскен бір монетаның ортасында үкінің басы бейнеленген. Оның көзіне диаметрі 1,2 миллиметр болатын гауһар орнатылған. Номиналдық құны 500 теңгелік монета «proof» сапасымен жасалыпты. Бұл өнер туындысын солтүстікқазақстандықтар 76 300 теңгеге сатып ала алады. Сондай-ақ жерлестеріміздің «Барыс» алтын монетасына да қол жеткізу мүмкіндіктері бар.

 Ескендір Сүлейменов, «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚФ маманы:
-Екінші монета – “Барыс” монетасы. Оның салмағы 1,24 грамм. Оның сатылу бағасы бүгінгі күні 13 100 тг болып келеді.

Соңғы кездері айналымға шыққан монеталардың бірі – «Қазақстанның Қызыл кітабы» сериясынан шыққан «Дәуіт». Күмістен жасалған бұл ескерткіш монетасы 9 100 теңгеден саудалануда. Жергілікті филиалда «Әлемнің әйгілі мешіттері» сериясынан шыққан  тиындар  да бар.

Ескендір Сүлейменов, «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚФ маманы:
-«Әлемнің әйгілі мешіттері» монеталарының сериясынан “FAISAL” және “ZAHIR” монеталары. Бұл монеталардың салмағы 7,78 грамм. 999 сынамада жасалған .

Естелік монеталарды нумизматтар Ұлттық банк филиалынан сатып ала алады.

 Айдана Демесінова

 Ескендір Сүлейменов, «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚФ маманы:
-Екінші монета – “Барыс” монетасы. Оның салмағы 1,24 грамм. Оның сатылу бағасы бүгінгі күні 13 100 тг болып келеді.