Мәдениет

Қуыршақ театры 23-ші маусымын бастады

 

 

Борис Заходердің “Тақуа және раушан гүлі” ертегісі көрермендерге бұрыннан таныс. Бұл спектакльмен өнер ұжымы 22-ші маусымын жапқан болатын. Туынды театр сахнасында екінші рет қойылып отыр. Ертегі теңіздегі жападан-жалғыз қалған шаян жайында. Өзіне дос іздеп, ақыры раушан гүлімен достасады. Тәрбиелік мағынасы бар спектакльді тамашалауға келген көрермендердің қатары да қалың. Солардың ішінде Сағыныш Еркенқызы да бар. Қалалық классикалық гимназияның 1 сынып оқушысы бұл туындыны алғашқы рет тамашалап отыр. Кішкентай көрермен теледидардан гөрі театрда сахналаған ертегілерді ұнатады екен.

Сағыныш Еркенқызы, оқушы:
Бүгінгі ертегі ұнады. өйткені ол достар туралы болды. Менің де достарым өте көп.

Жаңа маусымда театр ұжымының  репертуарлық жоспары ауқымды. Қайырымдылық шаралардан да тыс қалмақ емес. Биылғы 9 айдың ішінде  22 туынды көрерменге тегін көрсетілген.

Сергей Орлов, облыстық қуыршақ театрының директоры:
аңа формата шыққан ертегі көрерменнің жүрегінен орын алды. Солтүстік өңір астықты өңір болғандықтан, кішкентай көрермендерге осы тақырыпта қойылым дайындап жатырмыз. Асыға күтетін жаңа жылға да сыйымыз бар. “Маша мен маймақ” ертегісін сахналаймыз.  

Спектакльдің соңы гала-концертке ұласты.

Гүлбану Ахметова