Көлік және жолдар

Қаладағы Набережная көшесінде жолдарды жөндеу аяқталып келеді

 
Негізгі жұмыс “Норд жолдары” серіктестігінің мойнында, тағы екі кәсіпорын қосалқы мердігер ретінде көмектесіп жатыр. Қыркүйектің басынан ауқымды іс атқарылыпты.  

Василий Семеновых, “Норд жолдары” ЖШС шебері:

– Топырақтың жартысын сыртқа шығардық. Ең алдымен жерді тығыздап аламыз. Сосын үстіне ірі және ұсақ қиыршық тас төсеп, битум құямыз. Соңынан асфальт төсейміз.

Мұндай тығыздалып жасалған жол шамамен 3 жыл бойы нығыз қызмет етеді дейді мамандар. Барлығы Абай атындағы көшеден бастап Набережная көшесін қоса есептегенде 4 шақырымы жаңартылған.

Артем Погосян, “Норд жолдары” ЖШС директоры:

Жұмысқа 45 адам және 40 шақты техника жұмылдырылды. Асфальт төсеуді қазанның 20-сына қарай аяқтаймыз, содан кейін көше жиегін ретке келтірумен айналысамыз.

Жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 319 млн теңге бөлінген екен.

Данаш Хамзина