Ауыл шаруашылығы

Петропавлда сенбі күні күзгі жәрмеңке өтеді

Ауқымды шара бірнеше бөлімнен тұрады. Тұрғындар назарына нан-тоқаш , ет, балық, картоп пен көкеніс, жұмыртқа, бал тіпті мал азығы да ұсынылмақ. Бұны орақ науқанының өзіндік бір қорытындысы деуге де болады.

Евгения Сальникова, “Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” ММ бастығы:
– Жәрмеңке осы сенбі күні өтпек. Барлық аудандар қатысатын болады. Оларға арнайы орындар белгіленуде.

Сондай-ақ 20-дан астам қайта өңдеу кәсіпорындары да жәрмеңкеден шет қалмайды. Олар өз өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынбақ.

– Жәрмеңке М.Жұмабаев көшесінде өтпек. К.Сүтішевтен Абай көшесіне дейін созылады. Картоп – 50, сүт – 100, жұмыртқа 100-110 теңгеден сатылатын болады. Сондай-ақ саудаға төмен бағамен ет қойылады.

Жәрмеңке таңғы сағат 10-да басталады. Дүкен сөрелеріндегіден әлдеқайда төмен бағамен сатылатын тауарлар оның жалғыз артықшылығы емес. Ашық алаңда киіз үйлер тігіліп, концерттік бағдарлама әзірленеді дейді ұйымдастырушылар.

Инеш Шоқақова