Ауыл шаруашылығы

Мамлюттіктер келесі жылға әзірлік қамында

 

 

“Стан” серіктестігіне қарасты машина-трактор шеберханасында егін оруға пайдаланған техникалар келесі жылға дайындалуда. Биылғы жылы шеберхананың шатыры күрделі жөндеуден өтіпті. 3,5 млн. теңге қаражат жұмсалыпты. Келесі жылы шеберхананың ішін қалпына келтіру жоспарланған. Сергей Черных мұнда 24 жылдан бері механизатор болып қызмет істейді. Тәжірибелі жұмысшы ауа райының қолайлылығы мен техника жарамдылығының арқасында егіс науқанының сәтті аяқталғандығын айтады.

Сергей Черных, механизатор:
Биыл комбайн алып едік. Жаңа және автопарктегі техникаларды жұмылдырдық. Басшымыздың арқасында ешқандай қиындық туындаған жоқ. Техниканың керек жарақтарын дер кезінде алып беріп отырады. Өзіме алқаптарға дән еккен ұнайды.  

Жалпы Становское селолық округында 4 ірі агроқұрылым және 14 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан егін орағын жергілікті диқандар ойдағыдай аяқтапты. “Стан” серіктестігінде биыл астық өнімділігі гектарына 16 центнерді құраған. Бұндағылар 4 767 мың га аумаққа дән сіңіріпті. Олар дер кезінде өнімді жинап, аудандық және қалалық элеваторларға жеткіздік дейді. Күзгі жиын-терінге 30 техника және 55 адам жұмылдырылған. Шаруашылық болашақта күшімізді қолда бар техника паркін жаңалауға жұмылдырамыз дейді.

 Қанат Бекенов,”Стан” ЖШС директоры:
Маусым айында техниканы дайындап қойдық. Осының арқасында ойдағыдай аяқтадық. Биыл біз 3080 бидай егілді. 427 га арпа, 106 га сұлу, 68-іне бұршақ ектік. Техника  аламыз.

Мамлют ауданында 58 ЖШС, 203 шаруа қожалығы бар. Биыл аудандағы агроқұрылымдардың барлығы дерлік маңызды науқанды жоспардағыдан 10 күн бұрын аяқтапты.

 Василий Лисичкин, Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары:
– Барлық шаруашылық ауа райының қолайсыздығына қарамастан орақ науқанын аяқтады. Әзірге ауданымыз келесі егінге дайындалып жатыр. 1030 тонна сабан жиналды. Биылғы жылы былтырғыға қарағанда астық аздау болды.

Гүлбану Ахметова