Қоғам

Қайта тіркелген діни бірлестіктерге куәліктер тапсырылды

 

 

 

Өткен жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес  еліміздегі барлық діни мекемелер қайта тіркеуден өту керек болатын. Осындай заңды тіркеуге тұрғандары туралы құжаттар бүгін аудандық мешіттердің имамдарына табысталды.

 Нұрислам Ғабдуллин, дін істері департаментінің директоры:
– Жалпы біздің облыс бойынша 25 филиал болған Мүфтияттың. Осы уақытта олардың бәрі қайта тіркеуден өтіп, куәліктерін алып жатыр. Оған қосымша 38 жаңа филиал ашылып, құжаттарын тапсырып, олар да міне куәліктерін алып жатыр.

Сонымен қатар имамдар бас қосқан жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан келген жаңа кітаптар мен аудио-дискілер назарға ұсынылды. Барлығы мешіттің кітапхана қоры 4 түрлі жаңа кітап және 7 түрлі дискімен толыққан.

 Қасымхан қажы Абдоллаұлы, «Қызылжар» облыстық мешітінің бас имамы:
– Қазіргі уақытта теріс ағым, жат қылықтар: ұрлық, зорлық-зомбылық, маскүнемдік осы турасында аудио-дискілер әр түрлі тақырып аясында, әр түрлі кітаптарды осы имамдарға таратып жатырмыз.
 

Қызылжар орталық мешітіндегі тағы бір жағымды жаңалық, онда өз діни білімін толықтырамын деген жандар үшін компьютер сыныбы ашылды. Мұнда келіп, діни сайттардан ақпарат аламын деген адамдар үшін әрқашан есік ашық. Барлығы мұнда 6 компьютер қойылған.

Өсербай Шәкенов, Қожахмет Хазірет атындағы мешіттің бас имамы, Уәлиханов ауданы:
– Құранның алғашқы түскен аятының өзі оқы деген болатын.

Алда келе жатқан Құрбан айты мерекесін тойлау да жиналғандар назарынан тыс қалмады.

Әспет Әбдірешова