Билік

«Нұр Отандағы» қабылдау

Қоғамдық қабылдауға Солнечный кентінің тұрғыны Петр Черемушкин бірінші болып кірді. Ол облыс орталығында мал шаруашылығы мен бағбаншылықты дамытуды мақсат етіп отыр. Бұл үшін техника жеткілікті. Енді арнайы жер телімі қажет дейді шаруа қожалығының иесі.

 Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Сізге 200 гектар жер телімі берілсе, оны қандай мақсатта қолданбақсыз? Бірнеше бөлікке бөліп, қала тұрғындарының уақытша пайдалануына беріле ме? Жалпы ол аумақта қандай жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырсыз.

Петр Черемушкин:
– Мен бұл жерлерді тұрғындардың уақытша пайдалануына бермекпін. Менің міндетім – жерді өңдеп, жемістердің қолайлы жағдайда өсуін қамтамасыз ету. 

Облыс әкімі бұл мәселе қаралып, қажет болған жағдайда Петр Черемушкинге қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Ал қалалық мәслихат депутаты Александр Филиппенко Жұмысшы кентіндегі медициналық бөлімше мен балабақша мәселесін шешуді сұрай келіпті. Бұл ұсыныс қала әкіміне тапсырылды. «Жылжымайтын мүлікті түгендеу» МКК -да инженер-механик қызметін атқарған Абай Можғанов «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасынан кәсіпорынның ыдырауына байланысты жұмысқа орналасуына жәрдемдесуін сұрай келген.

 Абай Можғанов:

– Қазіргі кезде жас мамандарға сұраныс көп. Сондықтан өз мамандығым бойынша қызметке орналасу мүмкін болмай отыр. Бірнеше кәсіпорынға барған едім, дегенмен нәтиже болмады. 

Бұл өтініш бірден қарастырылып, Абай Можғановтың «Петропавл су» кәсіпорнына жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді. Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға 9 азамат келіп, өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша қолдау тапты.

Инеш Шоқақова