Ардагерлер клубындағы кездесу

Қоғам

13:26 4 Қазан 2012


Бүгінгі жиынға келген қариялар да бір кездері жалындаған жас болатын. Бүгінде жастары егде тартқанмен олардың жүректері қартаймаған. Қарттар күні мерекесі ардагерлерге әрқашан көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан тағатсыздана тосатын мерекеге айналған.

 Павлина Соколова, «Ардагер» клубы төрағасының орынбасары:
– Біз үнемі осы клубтың мүшелері жиналып, мұражайға , кітапханаға жиі барамыз. Ақын-жазушылармен өтетін кездесулерге қатысамыз. Осындай жиындар әлі де жалғасады деген ойдамын.

«Ардагер» клубы осыдан 23 жыл бұрын ҰОС ардагері Қасым Жүнісовтың бастамасымен құрылған. Оның қатарында бүгінде 50 қария бар екен.

 Қасым Жүнісов, «Ардагер» клубының төрағасы:
– Клубтың қатынасушылары кешегі мұғалімдер, дәрігерлер, темір жол қызметкерлері, зауыттың жұмыскерлері айына кей кезде бір рет, кейде екі рет мейрам күндерін атап отырамыз. Біз түрлі кештерде студенттердің өнерлерін тамашалап, сөйтіп күн өткізіп жатырмыз.

Ардагерлер жиналған жерде үнемі қызықты қалжыңдар, ән мен күй де қалыс қалмайды екен. Жиын соңы қосылып ән шырқауға ұласты. «Бастысы, жүректің қартаймауы» деп аталатын әнді шырқаған қариялар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлады.

 Әспет Әбдірешова

Бұдан әрі оқыңыз

Кеше қаладан 22 мың текше қар шығарылған
7 қаңтар – православтардың Рождество Христово мейрамы
Мұздай суға түскенді жаны сүйетін жандар
Жалған жарнама
Өңірде барлық бағыттағы жолдар ашылды
Қалада қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр
Қызылжар ауданындағы Дубровное селосына су тартылды
Қайырымды жандар көпбалалы отбасылардың үйіне барды
Нумеролог пен астролог келер жылға болжам жасады
Жергілікті университет пен іргелі серіктестік арасында меморандум жасалды
Ботаникалық бақтағы өсімдіктерді алматылық мамандар зерттеуде
Облыстық кітапхана қоры 100 жаңа кітаппен толықты