Мәдениет

Суретші Владимир Денисовтың жеке көрмесі

 

 

Суретшінің көрмесін тамашалауға келген жұртшлықтың қатары қалың. Бәрі де қылқалам шеберінің дүниелерін қарап, алған әсерлерімен бөлісуде. Арасында өнер колледжінің студенттері де бар. Любовь Жукова болашақ суретші. Ол да өз пікірін бүгіп қалмады.

Любовь Жукова, студент:
-Маған бүгінгі ұйымдастырылған көрме көңілімнен шықты. Салған суреттері адамға ой тастайды екен. Мен де пейзаж жанрында сурет саламын.Қаламынан туындаған дүниелерінің бәрі сәтті шыққан.  

Владимир Денисов пейзаж жанрында қалам тербейді екен. Көрмеде оның гуашь, майлы кесіндеме, гипс және бояулармен салған суреттері қойылған. Қылқалам шеберінің жеке көрмесі Петропавл қаласында  алғаш рет ұйымдастырылған.  

Анатолий Бургаев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
– Меніңше бүгінде нағыз суретшілер әр жанрды қамти білуі керек. Сальвадор Дали өз сөзінде сурет салмас бұрын, алдымен суретшінің шеберханасымен таныс деген екен. Мерейтой иесінің салған суреттері көңілімнен шықты. Оған тілерім өнері өрге жүзе берсін.

Суретші бүгін 60 жасқа толып отыр. Сондықтан да еңбектерін толықтай жұртшылық назарына ұсынуды көздеген. Мерейтой иесі сурет салуды 6 жасынан бастапты. Владимир Денисов Өзбекстан астанасы Ташкентте туған. Әйтсе де білімді біздің елімізде алған екен. Суретші көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен көрмелерге қатысыпты.
Владимир Денисов, суретші:
Бүгінгі күні баршаға табиғат суреттері ұнайды. Мәселен, Есіл жағасында отырып, күннің шығуы мен қайта батуын тамашалап, соны қағаз бетіне түсіремін. Яғни жұршылыққа суретпен жеткізімен. Негізінен адамдар мен табиғат сурет салуыма себепші болуда.

Батыр, аңшы, бәйге, табиғат, гипстан жасаған 50-ге жуық дүниенің бәрін қала қонақтары мен тұрғындары 1 ай бойы тамашалай алады.

Гүлбану Ахметова