Білім

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»


 

«Бәйтерек» тобы құрылғанына 4 -ақ жыл болса да, КВН ойындарынан облыстық жарыстардың 3 дүркін жеңімпаздары атанған. Көңілді тапқырлар республикалық сайыстарға да талай рет қатысқан. Әзіл-қалжыңды көрерменге дұрыс жеткізе білу өнеріне оларды Данияр Уәлиев үйретуде. Өзінің негізгі мамандығы физика және информатика пәнінің мұғалімі болғанымен, Данияр қоғамдық жұмыстарда да белсенді. Студент кезінде өзі де КВН ойындарынан шет қалмапты. Сондықтан даярлайтын командасы мықтылар қатарында.

Айдос Тұрғынов, «Бәйтерек» командасының капитаны:
– Біз талай жарыстардың жеңімпазы атандық. Өзіме КВН өте ұнайды. Оның арқасында тіл байлығымыз да артты.

Қоғамдық жұмыстарда белсенді ұстаз сабақтың да қызықты әрі танымды өтуін назардан тыс қалдырмайды. Физика затты, әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Сондықтан да осы мамандықты таңдадым және еш өкінбеймін дейді Данияр. Оның ендігі мақсаты – өз білімін оқушыларға дарыту.

  Данияр Уәлиев, қалалық классикалық гимназияның физика және информатика пәні мұғалімі:
– Мен ата-аналарым да ұстаз.Сондықтан болар мұғалімдікті таңдадым.
Өзіме ұнайды. Оқушыларды «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойынына да дайындаймын.

Данияр Уәлиевтың мұғалімдік қызметке келгеніне 5 жыл. Осы аз уақыт ішінде өзін білікті маман ретінде таныта білген. Қазір ол мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, «Жастар кадрлық резерві -2010» республикалық жобалар байқауының жеңімпазы, талай ғылыми сайыстардың жүлдегері.

Инеш Шоқақова