Қоғам

“Есіл су” кәсіпорнында ардагерлерге құрмет көрсетілді


 

Қарты бар елдің – қазынасы бар. Көпті көрген ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларға қолдау жасауды «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Есіл су» филиалы ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Қарттарға қолдау көрсету айлығының аясында мекемеде ұзақ жыл қызмет атқарып, еңбектернің зейнетін көріп отырған ардагерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Владимир Тимошин, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Есіл су» филиалы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Бүгінде біздің мекемеде 109 ардагер бар. Оның ішінде 4-уі ҰОС, 13-і еңбек ардагерлері. Біз үнемі жалғызбасты қарттар мен ардагерлердің үйлеріне барып, қолымыздан келгенше көмек көрсетіп тұрамыз.  

Ерекше қолдау мен марапатқа ие болғандардың бірі – Теміртас Анасов. 2 жылдан бері құрмет демалысына шыққан ардагер бұл мекемеде 30 жыл еңбек етіпті. Ол кезде кәсіпорын «Союзцелинвод» тресі деп аталған.  Мұндай құрметке барлығы 16 адам ие болды. Солардың қатарында Дудниковтер отбасы да бар. 13 жетім баланы қамқорлығына алып, тәрбиелеген жанұя 90-шы жылдары аталмыш кәсіпорын басшысы Қаттай Кеншінбаевтың бастамасымен құрылған.

 Людмила Дудникова, зейнеткер:
. Бүгінде балаларымның бәрі ер жетіп, өз күндерін өздері көретін жағдайға жетті. Отау құрғандары да бар. Осындай игі іске бағыт берген азаматтара алғысым шексіз.

Ардагерлер өздерінің ізін жалғастырушы кәсіпорын қызметкерлеріне зор алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Әспет Әбдірешова