Қоғам

Университет ардагерлеріне құрмет көрсетілді


 

Бүгінгі бар қошемет, ілтипат аға буын өкілдеріне арналды. Оларға жасалар қамқорлық, айтылатын алғыс көп, ардагерлер қандай құрметке болса да лайық. Мерекелік кеште студенттерге дәріс оқыған 239 ардагер-ұстазға қошемет көрсетілді. Олардың бірқатары зейнет жасына шыққанымен әлі күнге дейін кейінгі ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосуда. Білім саласында бүкіл әулетімен еңбек етіп жүргендер де бар. Осындай алты әулеттің бірі – Яворскийлер отбасы.

  Вера Яворская, еңбек ардагері:
-Мен еңбек жолымды 1959 жылы Петропавл педагогика институтын аяқтағасын бастадым. Мектепте, одан кейін университетте 50 жыл жұмыс істедім. Менің жолымды екі қызым қуып, ұстаздықты таңдады. Біреуінің еңбек өтілі –
28, екіншісінікі – 25 жыл. Жұбайым да мектепте 20 жыл істеді. Сөйтіп, барлығын есептегенде отбасымызбен білім саласында жүргенімізге 120 жыл шамасында.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздың еңбегі ерен. Бұл мамандық иелері қашанда ерекше ілтипатқа ие. Алайда педагогикалық қызметтің артар жүгі де ауыр. Ардагерлердің ерік-жігері мен қажыр-қайраты өскелең ұрпаққа өнеге. Оларды тек мерекеде ғана емес, әрқашан да қамқорлыққа бөлеу кейінгі буынға парыз. Аға ұрпақ шәкірттерінің ұмыт қалдырмай, қошеметке бөлегендеріне дән риза болды.

 

Айымгүл Әбілева