Қоғам

Мағжан Жұмабаев туралы деректі фильм түсірілуде

 

Ақын туралы деректі фильм Петропавлда 4 күн түсірілмек. Осы уақытта алматылық «Туран-фильм» студиясы Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомарда болмақ. Фильмнің авторы әрі режиссеры  – көрерменге «Потерянный рай», «Кенесары» фильмдерінен белгілі Марат Қоңыров.

Марат Қоңыров, қоюшы-режиссер:
-Бұл киноның идеясы баяғыда-ақ жүзеге асуы керек еді. Кеш те болса туынды жарық көрмек. Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайында мәліметтер аз. Ақын халық жауы атанып, оның кітаптары өртелді. Кітапханаларда да Мағжан туралы мағлұматтар аз. Ақынның жұбайы Зылиха апаның көмегімен кей дүниелер сақталған.  

Мағжанның рөлін 4 актер сомдайды. Балалық шағы 12 жастан бастап түсіріледі. Бұдан кейін Қазан қаласындағы өмірі, тұңғыш өлеңдер жинағының жарық көруі, студенттік шағы мен жала жабылып, қамауға алынған өмірі бейнеленбек. Үшінші кезеңін, 27-35 жас аралығын ақынның Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып, кейін қоғамдық өмірге араласып, «Бостандық туы» газетінде жұмыс істегенін жас актер Дарын Қалиев сомдамақ. Дарынның бұл алғашқы рөлі екен.

Дарын Қалиев, жас актер:
Біздің алдымызда үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс тұр. Оның туыпөскен жері бізге тыныс береді.  Оның оброзын сомдау ауыр жұмыс. Әйткенмен барымды салуға тырысамын.  

Режиссер киноны 15 күнде түсіріп боламыз дейді.

Марат Қоңыров, қоюшырежиссер:
Бұл фильмді түсіру оңайға соқпайды. Сондықтан біз Мағжан Жұмабаев өмірінің ең басты кезеңдерін алып отырмыз.   

Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайындағы деректі фильм қазақ тілінде түсіріледі. Кейін орыс, ағылшын, түрік тілдеріне аударылып, жыл аяғында көрермен назарына ұсынылмақ.

Гүлбану Ахметова