Қоғам

Темекіге қарсы акция

 

Ұрандатқан жастар темекіге әуес өз қатарластарын одан бас тартуға шақырды. Арнайы қойылған жәшікке шылымын тастаған адамға темекінің орнына тәтті беріледі. Аталмыш шара Петропавл студенттері Альянсының облыстық форумы аясында өткізіліп отыр.

Нұрсұлтан Әубәкіров, СҚО «Қазақстан студенттер альянсының» көшбасшысы:
– Акцияның басты мақсаты – студенттерді темекі тартпай, спортпен шұғылдануға баулу. Сәл кейінірек интеллектуалдық ойын өтеді. Форумның екінші күнінде жылдың ең жақсы студентін анықтаймыз.

Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегетін көрінеді. Ал Қазақстан бойынша шылымға әуестердің саны 5 миллионға жуықтаған. Акцияға атсалысқан жастардың көпшілігі темекінің зиянынан хабардар екендерін айтады.

-Бүгін бір жақсы акция өтті. Адамдар шылым шегуді қойса екен. Өйткені оның кесірінен көптеген ауруларға шалдығады.
-Темекі шегу – денсаулыққа зиян.
Менің ойымша, шылым шегу үшін өз денсаулығыңды қор қылудың қажеті жоқ.
Болашақта темекі шегуді қоярмын. Қазір әдетке айналып кетті.

Шараның әп сәтте нәтиже бермесі анық. Себебі, өкінішке қарай, шылымның ащы түтінімен ағзаларын улап үйренген жастар сырт айнала бере қайтадан ескі әдеттеріне басты.

 

Әспет Әбдірешова