Қоғам

Лев Гумилевтің туғанына -100 жыл

Лев Гумилев – белгілі тарихшы-этнограф ғалым, философ, түркінің түп-тамырын түгендеген көрнекті түркітанушы. Көшпенділердің ұзақ тарихын жүйелеген “Ғұндар”, «Ежелгі түріктер» еңбектері арқылы түркітану ғылымына соны соқпақ салды. Айту керек, Лев Гумилев еуразияшылдық теориясының авторы. Бұл идея бүгінгі таңда аса өзекті және белсенді алға жылжуда.

Галина Чемоданова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ саз-педагогикалық факультеті деканының орынбасары:
-Лев Гумилев – өзінің орасан зор еңбегінің арқасында Еуропа мен Азия халықтарын біртұтас ел ретінде қарауға атсалысқан жан. Ол әлем халықтарының мәдениеті мен тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтап қалу үшін күресті. Лев Гумилевтің есімі, оның мұрасы ынтымақтастық, ұлтаралық келісім мен ұлттық сана сезім идеясымен Еуразия аумағында тұратын әр халықты біріктіруге қабілетті.

Ғалым артына мол мұра қалдырып кетті. Оның еңбектері аса құнды. Қазірде өскелең ұрпақтың Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығы зор. Конференцияда студенттер ғалымның еңбектерін кеңінен талқылап, мәні мен маңызы төңірегінде пікір алмасты. Әркім ұлы тұлғаның мол мұрасын шама-шарқынша зерттеп-зерделеген. Биыл Лев Гумилевтің туғанына жүз жыл. Мерейтойға орай ел көлемінде түрлі шарапатты іс-шаралар өткізіліп жатыр. “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” деген осы.

Галина Чемоданова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ саз-педагогикалық факультеті деканының орынбасары:
-Лев Гумилев – өзінің орасан зор еңбегінің арқасында Еуропа мен Азия халықтарын біртұтас ел ретінде қарауға атсалысқан жан. Ол әлем халықтарының мәдениеті мен тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтап қалу үшін күресті. Лев Гумилевтің есімі, оның мұрасы ынтымақтастық, ұлтаралық келісім мен ұлттық сана сезім идеясымен Еуразия аумағында тұратын әр халықты біріктіруге қабілетті.

Ғалым артына мол мұра қалдырып кетті. Оның еңбектері аса құнды. Қазірде өскелең ұрпақтың Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығы зор. Конференцияда студенттер ғалымның еңбектерін кеңінен талқылап, мәні мен маңызы төңірегінде пікір алмасты. Әркім ұлы тұлғаның мол мұрасын шама-шарқынша зерттеп-зерделеген. Биыл Лев Гумилевтің туғанына жүз жыл. Мерейтойға орай ел көлемінде түрлі шарапатты іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Айымгүл Әбілева