Бизнес және экономика

«Қазақтелекомның» тарифтері төмендейді

 

 

 

Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің бұйрығына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ ҚР аумағында телефон байланысының екі аймақтық тарификациясына көшеді. Яғни қала және аудан арасында телефон шалу бағасы арзандайды деп күтілуде. Мәселен, бұған дейін Петропавлдан Астанаға соққан телефонның 1 минуты – 9,4 теңгені құраса, қазанның бірінен бастап тариф 7,7-ге дейін төмендейді.

 Самат Жұмабаев, «Қазақтелеком» АҚ СҚ филиалының ОТД сату орталығының маманы:
– 2012 жылдың бірінші қазанынан бастап республика аумағындағы телефон қосылуларының екі аймақтық тарифтеріне ауысамыз. Осылайша 1 минуттың бағасы облыс бойынша 5,5 теңгені құрайды, ал республика бойынша 7,7 теңге болып бекітіледі.  

Бұрын ел көлемінде 5 аймақтық тарификация қолданылған еді. Атап айтқанда телефон қоңырауының бағасы хабарласқан қала немесе ауданның шалғайлығына байланысты болса, енді кез-келген қалаға шалынатын телефон құны бірдей болмақ. Тарифтің төмендеуі қарапайым халық үшін жағымды жаңалық болып отыр.

 (Бейсенбай Нұржауыпов, зейнеткер:
– Алматы, Астанада немерелер оқиды. Соған күнара телефон соғып тұрамыз. Сол арзандаса өте жақсы ғой.

Екі аймақтық тарификацияға көшу қоңырау шалу бағасын 18 пайызға төмендетуге мүмкіндік бермек.

Әспет Әбдірешова