Мәдениет

“Отбасы – алтын діңгек” байқауы

 

 

 

«Отбасы – алтын діңгек» қалалық байқауы биыл 6 өнегелі жанұяның басын қосты. Ұлттық салт-дәстүрді, қазақи тәрбиені бойына сіңірген отбасылардың бірі – Сейтқасымовтар әулеті. 11 жыл бұрын шаңырақ көтерген Ербол мен Айымгүл бүгін 2 қыз, 1 ұл сүйіп отыр. «Балаларымыздың тәрбиесі біз үшін бірінші орында» дейді олар.

 Ербол Сейтқасымов, байқауға қатысушы:
-2 қызымды, ұлымды ұлттық салт-дәстүрмен үйретуге тырысамыз. Тәрбие бергенде барлық қазақ дәстүрін, Наурызда қандай ұлттық тағамдар, қандай дәстүрлер бар, соның барлығын айтып отырамыз. Оның барлығын отбасымызда орындаймыз.

Байқау шарттары бойынша үміткерлер ең алдымен өздерін таныстырды. Бұл бөлімде Мұратаевтар отбасы көрерменнің жүрегіне жол таба білді. Кейін өнегелі отбасылар белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойларын білдірді. Сондай-ақ қатысушылар қазылар алқасының назарына өз өнерлері мен «Ұяда не көрсең…» деп аталатын үй тапсырмасын ұсынды. Бұл үшін әр жанұяға 12 минут уақыт берілді.

 Жазира Көкбас қызы, қазылар алқасының мүшесі:
-Бүгінгі байқаудың негізгі мақсаты – мемлекетіміздің, Отанымыздың ортасынан қазақы отбасын табу, мемлекеттік тілді жанұяда қалай меңгерту керек, салт-дәстүрді қалай ұстау керек. Әрбір отбасындағы салт-дәстүрді, өзінің ұлтына деген сүйіспеншілікті қарастыра отырып, ана тілін қаншалықты дәрежеде білгендігін байқау. Сонымен қатар әр отбасының өзінің ерекшелігі болуы керек.

Байқау жеңімпаздарына облыстық кезеңде бақ сынау мүмкіндігі беріліп отыр.

Айдана Демесінова