ТКШ

Қала жаппай қысқа әзірленіп жатыр



 

“Эврика” кооперативінің төрайымы Ирина Яуфман қысқа қамдану кезінде міндетті түрде жылу есептегіш құралдарын да тексеруден өткізеді. Абай көшесіндегі, 45-ші үйге жылу есептегіш  өткен жылы орнатылыпты. Тұрғындар 270 мың теңге тұратын құралдың қазір пайдасын көруде.

Ирина Яуфман, “Эврика” ТК төрайымы:

– Жылу есептегіш құрылғысының тиімділігі бірден байқалды. Тұрғындар жылу үшін 1 шаршы метрге 20 теңгеге аз төлейді.

“Эврика”  кооперативінің құрамында 6 үй бар екен. Соның барлығы дерлік қысқа дайын, ал жылу есептегіш құралдары 4 баспанаға орнатылған.

Ирина Яуфман, “Эврика” ТК төрайымы:

– Құбырлар жуып-шайылды. 6 нысанның тек біреуінде ғана қысқа дайындық толығымен аяқталған жоқ. Үйдің жаңа маусымға әзір екендерін растайтын құжатты жуық арада қолға аламыз.

Абай көшесі, 45 мекен-жайындағы баспана 40 жыл бұрын салынған. Сол себепті  шатыры ескіріп, қабырғасы да жұқарып қалыпты. Енді  Ирина Гауфман “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына” қатысуды жоспарлауда.

Данаш Хамзина