Қоғам

Сафуан Шаймерденовке ескерткіш орнатылады

 

 

Сафуан ағамыздың туындыларын өмір мектебі деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені жазушы өз шығармаларында адамгершілік қасиеттерді жанды адамдардың бейнесімен асқан шеберлікпен сипаттай білді.  Шежірелі өңірімізден шыққан әдебиет майталманын пір тұтар ұрпақ оның құрметіне ескерткіш тұрғызбақшы. Көзі тірісінде ішкі жан дүниесінің сыры тербелген сұлу туындылары үшін мемлекеттік сыйлықты иеленген мәдениет қайраткерінің рухына тағзым етуге келгендердің бүгін қарасы қалың.
Заманынан оза шапқан дара ойлы драматург жастарға проза тілімен жол көрсетіп, отанды сүюге шақырды. Ұлы тұлғаның тәрбиелік мәні зор еңбектерінен рухани азықтанып жүрген оқушылардың бірі – Айгүл Акст .
Қанатты сөзді қазынам деп таныған көсемсөз шебері қарапайым ауыл қазағының құндылықтарын арқау етіп, өзгеге өнеге берді. Белгілі жерлесіміздің  ескерткіші көп ұзамай Юбилейный және Хименко көшелерінің қиылысында тұрғызылатын болады.

Жеңіс Ермұқанов