Әр түрлі

Қозғалмайтын мүлікті тіркеу, тұрағын белгілеу мәселелеріне арналған семинар



 

Семинар-кеңеске жиылғандар биылғы маусым айында қабылданған жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай берудің жаңа қағидаларын талқылады. Мамандар бұған дейін нысандарды тіркеу әр облыста әр түрлі жүргізілгенін айтады. Енді  барлығы бір негізге сүйеніп, мекенжайды бірыңғай жүйемен толтыруы тиіс.Семинарға қатысушылар агенттік өкілдеріне өз сұрақтарын қойды. Көбі қағаз жүзінде бар, бірақ іс жүзінде жоқ елді мекендер мен көшелерді тіркеуден алып тастау туралы сұрады. Мұндай мәселе Есіл ауданында өзекті. Бүгінде ауданда нақты 56 ауыл болса, құжаттарда 64 деп жазылған дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Оразкей Шарапиденов. Сондай-ақ, жаңа тәртіп бойынша бір елді мекенге екі атау беруге болмайды. Адрестеу мәселесі күннің екінші жартысында да талқыланбақ.

Данаш Хамзина