Спорт

Кішкентай спортшылар Тараздан 5 алқа тағып қайтты

 

 

 

Тараз қаласында көркем гимнастикадан өткен облыстық ашық чемпионат қыркүйектің 7-9 аралығында еліміздің 5 қаласынан 300 спортшыны жиған. Дүбірлі додада өңір намысын 6 спортшы қорғап қайтты. 7 жасар Айсұлу Махметова спорттың бұл түріне 1 жыл бұрын ғана ден қойыпты. Соған қарамастан осыған дейін талай жарыстарда бақ сынап үлгерсе керек.

Айсұлу Махметова, жарыс жүлдегері:
2 орынға ие болдым. Маған өте ұнады. Арманым ҚР чемпионы болу.

Ал Екатерина Дорошенко скакалкамен өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған. Катя бұндай жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Бастамасы жаман емес. Бірден ересектер арасында бірінші разрядты орындап қайтты.

Катя Дорошенко, жарыс жеңімпазы:
Мен жарыс алаңына шыққанда қатты қобалжыдым. Бірақ, жеңіске жету үшін барымды салдым. Скакалкамен өнер көрсетуім сәтті шығып, бірінші орынға қол жеткіздім.  

Бап пен бақ қатар шабатын жарысқа 5 пен 12 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған 16 команда қатысқан. Солтүстікқазақстандықтар скакалка және дөңгелекті айналдырудан өнер көрсетті. Және топтық жарыста жеңіл атлеттеріміз 3 орынды қанағат тұтты.

Светлана Седенкова, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы:
Барлық командалар жақсы өнер көрсетті. Бұл жолы көркем гимнастикада енді ғана қадам басқан жасөспірімдерді жарысқа салдық. Соған қарамастан, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Мен оларды мақтан тұтамын.

Спортшылар алдағы жарыстарда шеберліктерін шыңдап, доппен өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Гүлбану Ахметова