Құқық қорғау органдары

Баласын өлтірді деген күдікпен 54 жастағы әйел ұсталды

 

 

31 жастағы ер адамның денесі Жұмысшы кентінің Целинный көшесіндегі жеке үйлердің бірінде табылған. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жігітті туған анасы өлтіргенін анықтады. Соңғы уақытта олар жиі жанжалдасқанға ұқсайды.
 

Күдікті:

-Әйелі екеуі келіспей, ол баласын алып, ауылға кетіп қалды. Содан бері балам араққа салынып жүр. Тіпті күнде ішетінді шығарды.  

Қайғылы оқиға орын алған күні отағасы жұмыста болған. Ал көз жұмған ер адам әдеттегідей арақ ішкен. Соның кесірінен анасы мен баласының арасында жанжал туындаған.

Күдікті:

-Ол айқайлап, дөрекі сөздер айта бастады, мені бас салып, ұрмақшы болды, содан үстелде жатқан пышақты алып, оны қорқытпақшы болдым. Ол маған жақындап келгенде пышақ мойнына барып тиді. Балам менің қолымда жан тапсырды.  

Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға ащы судың кесірінен орын алған. Қазіргі кезде сезікті әйел қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Әспет Әбдірешова