Қоғам

“Жасұланның” экологиялық акциясы

 

 

Экологияны сақтау және қоршаған ортаны таза ұстау бастамасын қолға алған жасұландықтар акцияға бір адамдай қатысты. Жастардың алдына жаз бойы демалушылар бықсытып кеткен Пестрое көлінің оң жағалауын шашылған қоқыстан арылту міндеті қойылды. Оқушыларды қауырт жұмысқа кірісер алдында спортшы достары өз өнерлерімен қуантты.
 
Рүстем Есенбергенов, «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы:
– Бүгінгі іс-шараның мақсаты – өзіміздің қаламыздың ішіндегі көлдің жағалауын тазалап, экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесімізді қосу. Осы шарадан үлкен нәтиже күтеміз. Өйткені мұндай шаралар қаламызға керек.

Қолдарына бір-бір қапшық алған оқушылар аз уақытта жағалау маңын шашылған қоқыс пен бөтелкелерден арылтты. Бірлесе отырып істеген жұмыс әрқашан өнімді болмақ дейді шараға қатысқандар.

 Айдос Тұрғынов, қалалық классикалық гимназия  оқушысы:
-Бүгінгі экологиялық экспедиция өте қызықты өтіп жатыр. Арамызда жарыс, кім қоқысты бірінші жинайды деген сияқты. Табиғат экологиясы адамның өміріне ең пайдалы болып келеді, табиғат – ол ана. Сондықтан да оны қастерлеп, ардақтап, қоқысты шашпа, керісінше жинап осылай тырысуымыз керек.

Барлығы бұл шараға қаланың 15 мектебінен 90-ға жуық оқушы атсалысты.

Әспет Әбдірешова