Ауыл шаруашылығы

Орақ – 2012

 

 

«Агротехника Жамбыл» ЖШС биыл 10,6 мың гектар аумаққа дәнді дақылдар екті. Бидай шығымы жаман емес. Сәтін салса, орақ науқанын 20-25 күннен соң бітіреміз дейді серіктестік басшысы.

Александр Приходченко, «Агротехника Жамбыл» ЖШС директоры:
Әзірге гектарынан 17 центнер шығуда. Танап басында 20-ға жуық комбайн істеуде.

«Шатило және К» серіктестігі де мол өнім алуда. Шаруашылықтың егіс алқабы 33,2 мың гектарды құрайды. Егіннің мол шығуына байланысты шаруашылық биыл кептіргіш сатып алды. Қуаттылығы тәулігіне 700-750 тонна.

Виталий Шатило, «Шатило және К» ЖШС директоры:
иыл ауа райы көңілімізді көншітпеді. Десек те астық мол. Келесі жылға тұқымды қамдап қойдық. Қырда 22 комбайынымыз жұмыс істеуде. Әзірге гектар берекелігі 15 центнер. Жиын-терімді қыркүйекте аяқтауды діттеп отырмыз.

«НТС-Агро»- ның да жұмысы биыл алға басты. Гектар шығымдылығы орташа 22 центнерден айналуда. Кей жерлерде 25-ке дейін барады. Шаруашылық арнайы әдісті қолданып, мол астық алудың өзіндік үлгісін көрсетті.

Андрей Недорода, «НТС-Агро» ЖШС агрономы:
-4 мың 400 гектар жерге дақылдар ектік. Оның тең жартысы бидай.
Егін ылғалдылығы 17 пайыз. Дала жұмыстарын бірнеше күннен кейін бітіреміз деп ойлаймын.

Ораққа  «Әжімбай-Агро» ЖШС ерте кірісті. 2003 жылы құрылған шаруашылық жылда шамамен 6 мың гектар аумаққа дәнді дақыл егеді. Егіні биыл бітік. Серіктестік мал шаруашылығымен де айналысады. «Сыбаға» мемлекеттік баєдарламасы арқылы мал басын көбейтіп отыр.

Ауқымды алқаптың иесі «Мамбетов және К» ЖШС жиын-терімді тәмамдауға жақын. Танап басындағы отыз тоғыз комбайн  қарқынды жұмыс істеуде. Серіктестіктің егіні мол шықты. Егіс алқабының жартысына жуығын дестеге түсіріп үлгерген. Егінімізге өкпе жоқ дейді компания басшылығы.
«Новомихайловское 2003» ЖШС жағдай жақсы. Биылғы қуаңшылыққа қарамай, тың технологияларды пайдаланудың арқасында шаруашылық мол әрі сапалы астық алған.

Вячеслав Щегелев, «Новомихайловское 2003» ЖШС директорының орынбасары:
-Биыл сегіз жарым мың гектарға егін ектік.
Жақсы астық аламыз деп ойлаймын. Егінді сақтау үшін жиырма бес қап сатып алдық.

Материалды «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшілері дайындады