Ауыл шаруашылығы

Омбылықтар Новоникольскіде болды

 

 

 

“Зенченко и К” командиттік серіктестігі Солтүстік Қазақстандағы алдыңғы қатарлы агроқұрылымдардың бірі. Шаруашылық әлеуметтік саланың дамуына үнемі үлес қосып келеді. Омбылық меймандар алдымен Новоникольск ауылындағы Святоникольск храмына соқты. Шаруа қожалығы өзін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі үлкен жетістік дейді СҚО әкімі Серік Біләлов

 Серік Біләлов,СҚО әкімі:
-Бұл шіркеу 1999 жылы шаруашылық қаржысына салынды. Бүгінгі таңда балабақша мен мектеп жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ спорткешені, хоккей корды жасалып жатыр

Жабық хоккей алаңының құрылысына шамамен 200 мың доллар қаржы жұмсалмақ. Алдағы уақытта мұнда жасанды мұз төсеу жоспарланып отыр. Делегация серіктестіктің мал шаруашылығын дамытуда жеткен жетістіктерімен де танысты. Командиттік серіктестіктің директоры Геннадий Зенченко Омбы облысынан келген қонақтарға өндіріс орнының жоғары өнімділігі жайлы баяндады.

 

Геннадий Зенченко, “Зенченко и К” командиттік серіктестігінің атқарушы директоры:
– Біздің шарыуашылықта 6 мың бас ірі қара бар. Олар етті және сүтті бағыттағы малдар.  

Мұнда өсірілетін жылқылар меймандардың зор қызығушылығын тудырды. Бұл асыл тұқымды жылқылардың күші мен жылдамдығы бәйгеде сыналады.   Қонақтарға сүт фермасының жұмысы да көрсетілді.  Сиырларды сауу толық автоматтандырылған. Сәйкесінше мұнда өндірілетін тауардың сапасы жоғары.

Серік Біләлов,СҚО әкімі:
-Бұл шаруа қожалығында сүт өнімдерін шығаратын өзінің зауыты бар. Ол Петропавл қаласында орналасқан. Жалғыз осы агроқұрылым тәулігіне 35 тонна сүт өндіреді.

Сапар соңында меймандар Новоникольскіде салынып жатқан желмен жұмыс істейтін электр станцияларды аралап көрді.

Айдана Демесінова