Құқық қорғау органдары

“Абайлаңыз – балалар!”



 

Мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін үйретуге арналған “Менің досым – бағдаршам” атты қойылым облыстық жол полициясының басқармасында сахналанды. Шағын спектакльді тамашалауға 150-ден астам бастауыш және орта буын оқушылары келді. Облыстық қуыршақ театрының әртістері балаларға жолда жүру өте маңызды екенін ойын түрінде көрсетіп берді.

-Менің есімім – Алена. Мен жолда жүру тәртібін бұзуға болмайтынын білемін.

– Ертегі сияқты қойылым маған ұнады. Ережені енді оқитын боламын.

Оқушылар жол полициясының мұражайымен де танысты. Мұнда оларға экскурсия ұйымдастырылып, жол белгілерінің мәнісі түсіндірілді. Сонымен қатар  “Абайлаңыз – балалар!” шарасы аясында жол полициясы басқармасының 20 инспекторы қан тапсыру акциясына қатысты.

Әсия Ибраева, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:

– Жол полициясының қызметкерлері жол-көлік апатынан зардап шеккен балалар үшін екі күн бойы қан тапсырады. Бұл акцияға қала мектептерінің мұғалімдері де қатысуда.

Данаш Хамзина