Спорт

“Қызылжар” ФК тағы да жеңіске жетті

 

 

Алаң иесі Тимур Мульдинов алғашқы таймда қарсыластар қақпасына алғашқы гол енгізіп, бірінші болып есеп ашты. Көп ұзамай қонақтар таразы басын теңестірді. Екінші таймда біздің аяқдоп шеберлері шапшаң қимылдап, қарсы құраманың қақпасына тағы бір гол дарытты. Допты тиісті нысанаға көздей білген Артем Дели болды. Сөйтіп 16 команда қатысқан тартысты додада біздің жерлестеріміз 8-ші орынға тұрақтады. Келесі ойын 5 қыркүйекте өтеді. Онда біздің аяқ доп шеберлері Семей қаласының “Спартак” командасын қабылдамақ.