Бизнес және экономика

Нумизматтар үшін қуанышты жаңалық

 

 

2 алтын монетада Пәкістанның Исламабад қаласындағы «FAISAL» және Малайзиядағы « ZAHIR» мешіттері бейнеленген. Әрқайсысының салмағы 3 грамнан асатын тиындардың бағасы 26 400 теңге. 3 мың дана тиражбен шығарылған. 

Ескендір Сүлейменов, «ҚР Ұлттық банкі» СҚОФ маманы:
Бұл монеталар 999 сынамды алтыннан жасалған. Олардың бетінде мешіт бейнеленген. Номиналы 500 теңге. Монеталарды біздің филиалдан сатып алуға болады.

Тиындардың диаметрі 16 мм шамасында. Күміс монеталарға қызығушылық танытатындар үшін де жағымды жаңалық. Ұлттық банктің облыстық филиалына номиналдық құны 500 теңге «Дәуіт» тиыны да жеткізілген.

Ескендір Сүлейменов, «ҚР Ұлттық банкі» СҚОФ маманы:
-Бұл монета «Қазақстанның Қызыл кітабы» сериясынан. Құны 9 100 теңге.
Салмағы 31,1 грамм.

Жалпы Ұлттық банктің облыстық филиалында монеталардың 40-тан астам түрі бар екен.

Инеш Шоқақова