Спорт

Лондонда паралимпиадалық ойындар жалғасуда

 

 

Солтүстікқазақстандық спортшы 100 метрге жүгіруден 12-ші  болып мәре сызығын аттап, ақтық сынға өте алмаған. Қыркүйектің 5-і ұзындыққа секіруден спортшылар марапатталмақ. Естеріңізге сала кетсек, Сергей бұл спорт түрінен Азия ойындарында рекордық көрсеткішке қол жеткізген болатын. Дүбірлі додада әзірге 46 алтын алқамен Қытай көшбастап келеді. Екінші орында 16 медальмен Ұлыбритания, ал үздік үштікті 16 алтынмен Ресей тұйықтап тұр.

Гүлбану Ахметова