ТКШ

Жылыту маусымына әзірлік баяу

 

 

 

Облыс орталығында 1036 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 802-нде жеке пәтер иелері кооперативі жұмыс істейді. Әрине, басқару жүйесі бар үйлердің қысқа әзірлігі де біршама жылдамырақ. 880 тұрғын үйде жылу құбырларын жуып-шаю жұмыстары орындалыпты. Бұл істі облыс орталығындағы 4 мекеме жүзеге асыруда.

Қанат Баймұхамбетов,  «Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» МКМ бастығы:
– Мир көшесі, 238 үйдің тұрғындары жыл сайын қысқа дайындықты уақытылы жүргізеді. Құбырлардың жай-күйін де қалыпта ұстайды. Ал Жұмабаев көшесіндегі 102-ші үйдің тұрғындары 4 жылдан бері жуып-шаю жұмыстарын мүлдем жүргізбеген.

Ал жылыту маусымына дайындық жүргізбеген үйлерден «Петропавл жылу желілері» ЖШС шағым қабылдамайтын көрінеді. Сондықтан қыс кезінде қиындықтардың туындайтындығы белгілі. Оның алдын алу үшін тұрғындардың дені есептегіш құралдарды орнатуға асығуда.

Қанат Баймұхамбетов, «Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» МКМ бастығы:
– Пәтер иелері кооперативтері жоқ үйлерде қыс мезгілінде көптеген мәселелер туындайды. Өйткені олар дер кезінде дайындалмайды.
Сондықтан апаттық жағдайлар туындайтын кездер де болады.

Сондықтан мамандар петропавлдықтарға дер кезінде тұрғын үй секторы инспекциясына хабарласу қажеттігін айтады.

Инеш Шоқақова