ТЖ

Жыл басынан облыста 500-ден астам өрт оқиғасы тіркелген

 

 

Оның ең ірісі өткен аптада Аққайың ауданының Қиялы ауылында болыпты. Тілсіз жау 10 тонна шөпті жойған. Аққайың ауданының – Трудовое, Айыртау ауданының – Бірлестік, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның  – Чистополье және Тайынша қаласында да тұрғындар дайындаған жем-шөп өртеніпті. Жалпы көлемі – 20 тонна. Бұған қауіпсіздік шараларының сақталмауы және қасақана күйдіру себеп. Сондай-ақ өткен жұмада бұл тізімге петропавлдықтар да енді. Чайковский көшесі, 13 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты үйлердің бірін от шарпыған. 55 адам қауіпсіз жерге шығарылыпты. Қуаныштысы, зардап шеккендер жоқ. Есепті мерзімде өңірімізде 570 өрт оқиғасы болған. Оның кесірінен 360 млн теңгеден астам шығын келіп, 32 адам көз жұмыпты.

Инеш  Шоқақова