Балалар

“Жастар нашақорлыққа қарсы”



 

«Жастар нашақорлыққа қарсы» акциясы аясында ұйымдастырылған спорттық шараға солтүстік аймақтың балалар және жасөспірімдер клубтары қатысты. Салауатты өмір салтын ұстанатындар футбол алаңында доп тепсе, кейбірі үстел теннисінен және қалалық саябақта стритболдан өзара бақтарын сынады. Шағын футболды “Достық” және “Жастар” командасы бірінші болып бастап берді. Ойынның бірінші таймында «Достық» құрамасы өздерінің мықты екенін дәлелдеп, қарсыластарының қақпасына алғашқы голды енгізді.

Роман Курманбаев, “Достық” командасының капитаны:

– Ойынның бірінші таймы өте тартысты өтті. Мен өзім темекі, алкогольді ішімдіктерді ішпеймін. Спортпен шұғылданып, нашақорлыққа қарсы күресті қолдаймын.  

Үзілістен кейін де «Жастар» командасы қарсыластарының қақпасын ала алмады. «Достық» құрамасы екінші таймда тағы бір гол соғып үлгерді. Сөйтіп, ойын қорытындысы 2:0 есебімен «Достық» командасының пайдасына шешілді. 10 шақты команда үстел теннисінен өзара мықтыны анықтасды. “Достық” командасының мүшесі Артур Ин жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Ол өзінің қарсыласы Максим Солдатовты 3: 0 есебімен ойсырата жеңді.

Артур Ин, “Достық” балалар және жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі:
Менің спорттың бұл түрімен шұғылданып жүргеніме 6 жыл. Бүгінгі жарысқа көптеген команда қатысуда, бәрі де мықты және бас жүлдеден үмітті. Бірақ біз жеңісті қолдан бермейміз.

Есірткіге қарсы күрес тек еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ проблемасына айналып отыр. Сондықтан биылғы жылы осы республикалық акция аясында жастар арасында спорттық жарыстарды өткізуді жөн санадық дейді ұйымдастырушылар.

Олжас Аментай, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің өкілі:
-Екі апта бұрын Лондондағы 30 олимпиада ойындары өтіп, Қазақстан алғаш рет 12-ші орынға ие болды. Осы жердегі жастар да өздерінің алтын, күміс, қола медальдарын елі үшін әкелер.  

Жарыс қорытындысы бойынша шағын футбол мен үстел теннисінен “Достық” командасы бірінші, қыздар арасында стритболдан  – «Родник», ұлдар арсында «Восход» құрамалары бас жүлдеге ие болды.

Гүлбану Ахметова