ТКШ

Коммуналдық ақы төлемегендер пәтерсіз қалуы мүмкін

 

Индустриальная, 2 мекен-жайында орналасқан  пәтерге сот орындаушылары алғаш рет келіп отырған жоқ. Бірнеше жылдан бері электр жарығы үшін пәтер иелерінің төленбеген қарызы шаш етектен. 107 мыңнан астам теңгені тұрғын үй иелері сот шешімі бойынша 5 күннің ішінде төлеулері керек. Пәтер иесі күнделікті нәпақасын әрең тауып жүргенін айтты. Ал онымен бірге тұратын жолдасының денсаулығы жоқ, жұмысқа жарамсыз. Қарыз үш жылдан бері төленбеген дегенге сенбейміз дейді пәтер иесі. Олардың айтуына қарағанда, бар кінә “Севказэнерго” АҚ орнатқан есептеуіште.

Валентина Попова:
-Бұл төрт айдың қарызы. Біз  “Севказэнергоның” қызметкерлерін шақырдық, олар бізге бәрі дұрыс деді. Есептегіш біздің кінәмізден күйген жоқ.

Алайда пәтер иелерінің өздерін ақтап алуға нақты дәлелдері жоқ. Егер олар тиісті қарыздарын біртіндеп төлеуді бастамаса, баспаналарынан айырылу қаупі бар.

Юлия Башкатова, СҚО сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы:
-Сот шешімін 5 күннің ішінде орындаулары керек. Өйтпеген жағдайда мүліктерінен, не баспанасынан айырамыз.

Әбден тозығы жеткен екі бөлмелі пәтерді біреу сатып алады дегенге сену қиын. «Севказэнерго» АҚ-ның осы сынды 2000-ға жуық борышкерлері бар екен. Одан келген жалпы шығын 85 миллион теңгеден астам.

Әспет Әбдірешова