Құқық қорғау органдары

Астыртын казино әшкереленді



 

Қаржы полицейлері облыс орталығында астыртын казино ұйымдастырған кәсіпкерді әшкереледі. Ол заңсыз ісін екі айға жуық спорттық покер клубы атауымен бүркемелеп жүзеге асырған.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қылмыс жедел іздестіру шаралары кезінде ашылды. Алдын-ала ойнап жатқан жер бірнеше рет жедел түсірілімге алынып, аталған күні заңсыз қылмыс әрекет ойнап жатқан жерінде әшкереленді.

Ойын залынан 3 покер үстелі, 5000 фишка және 114 мың теңге тәркіленген. Бүгінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1 мың айлық есептік көрсеткіштен 3 мыңға дейін айыппұл төлейді, не болмаса мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ сапаржай аумағында ойын автоматтары залының жұмысы да тоқтатылыпты. Ал тамыз айында қаржы полицейлері бір кәсіпкердің үстінен 11 қылмыстық із қозғаған.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
-Ол “Территория Интернета” интерактивтік клубында Интернетке шығу бойынша қызмет көрсету тасалауымен онлайн-казино қызметін ұйымдастырған. 125 жүйелік блок, 430 мыңге алынды. Тергеу жүргізілуде.

Осылайша жыл басынан бері қаржы полицейлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты 13 қылмыстық іс қозғапты.

Айымгүл Әбілева