ТКШ

ПИК-тер қыс қамында

 

 

Қоршаулар мен аулаға сән беріп тұрған заттардың бәрі қолда бар материалдардан жасалған. Көліктің доңғалақтары мен пластикалық ыдыстарға дейін керекке жаратылыпты. Тұрғындар бірлесе түрлі-түсті гүлдер отырғызып, оны күтіп-баптауға бей-жай қарамайтын көрінеді.

-Ауламыз өте әдемі. Сыртқа шығып дем алуға болады. Балаларға ойнайтын жер қарастырылған.
– Үйіміз қыста жылы. Кейбір құрылғылар алмастырылды. Биылғы қыстан да қысылмай шығамыз деген ойдамын.

Тұрғындар өз күштерімен жылытылатын құрылғыларды алмастырып, кәріздік құбырларды жаңартқан. Бұған шамамен 300 мың теңгедей қаражат жұмсалыпты. Енді олар жылуға көп төлемес үшін есептегіш құралдар орнатпақ ойда.

Лидия Копотилова, «Холодок» ПИК төрайымы:
– Біз “Севказэнерго” АҚ-мен келісімшартқа тұрмақпыз. Осылайша, жылу есептегіш құралдарды орнату үшін шыққан соманы 1 жылда төлеп аяқтайтын боламыз. Бұл өте қолайлы. Тұрғындар да қолдап отыр.

Үйдің жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп, ауланың көркіне мән беретін тұрғындар алдағы уақытта да бұл істі жалғастырмақ. Лидия Копотилова енді спорттық алаң құруды жоспарлап отырмыз дейді.

Инеш Шоқақова